Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
6 verses
1Ақылсыз адамдар «Құдай жоқ!» деп ойлайды, Әбден бұзылған олар жексұрындық жасайды, Әрі ешқайсысы д�� жақсылық жасамайды.
2Құдай көктен көз салады адамзатқа: «Ақылды біреу бар ма бет бұратын Құдайға?» Деп байқайды Ол.
3Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға, Әбден бұзылды бірігіп барлығы да. Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.
4Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен? Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен, Құдайға сиыну ойларына еш түспеген.
5Ал оларды қорқыныш құрсаулайтын болады, Қауіп-қатер жоқ жерде үрейлері ұшады. Тап берген жауыңның сүйектерін Құдай шашады, Сен масқаралайсың Құдай бас тартқан оларды.
6Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге! Құдай өз халқын тұтқыннан азат еткенде Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады, Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады!