Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
7 verses
1Уа, Құдай, ұлы атың үшін құтқара гөр, Зор құдіретіңмен мүддемді қорғай гөр!
2О, Құдайым, дұғама құлақ сала гөр, Аузымнан шыққан сөздерге көңіл бөле гөр!
3Бөгде адамдар маған қарсы шықты, Зорлықшыл сұмдар жанымды алмақшы, Олар еш ойламайды Құдай туралы.
4Алайда Құдай маған жар болады, Жаратқан Ие жан дүниемді нығайтады,
5Сұмдығының есесін жауыма қайтарады. Ием, адалдығыңа сай оларды талқандашы.
6Өз еркіммен Саған құрбандық шаламын, Уа, Ием, ізгі атыңа мақтау айтамын.
7Сен құтқарып алдың мені бар пәледен, Жауларымның жеңілгенін көрдім көзіммен.