Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
10 verses
1Уа, Ием, маған ызаланып сөге көрме, Қаһарланып мені жазалай көрме.
2Әлсізбін, о, И��м, рақымды бола гөр, Дірілдеген денемді сауықтыра гөр.
3Жан дүнием қатты арпалысады, Жол бересің, уа, Ием, бұған қашанғы?
4Я, Ием, қайтып, жанымды құтқара гөр, Берік рақымыңмен аман сақтай гөр.
5Өлгендер Сені естеріне алмас, Көрдегілер Сені мадақтамас.
6Күрсіне ыңқылдап қатты шаршаймын, Түні бойы зар еңіреп жылаймын, Төсегімді көз жасыммен дымқылдаймын.
7Осы қайғымнан көзім солып қалды, Көп жауыма бола көруден қалды.
8Аулақ менен, бар зұлымдық жасайтындар! Ием құлақ түрді жылаған даусыма,
9Жаратқан естіді жалынышымды, Иә, Ием қабылдайды мінажатымды.
10Бар жауым үрейленіп масқаралансын, Кенеттен кері қайтып, қарабет болсын.