Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
17 verses
1Уа, Құдай Ием, Сенен пана табам, Арашалай гөр мені қуғыншыларымнан.
2Құтқарушым жоқ, жау мені быт-шыт қылады, Арыстандай паршалап, дал-дұлымды шығарады.
3Уа, Құдай Ием, егер күнә істеген болсам, Яки қолыммен қылмыс жасаған болсам,
4Бейбіт жолдасыма сатқындық жасаған Не дұшпанымды болсам себепсіз тонаған,
5Онда жаулар мені қуып, ұстап алсын, Жанымды аяғымен жерге таптасын, Абыройымды топыраққа былғасын.
6Уа, Жаратқан, қаһарлана көтеріле гөр, Жауларымның долдануына қарсы шыға гөр, Өзің бұйырғандай әділдік орната гөр, Мен үшін ендеше әрекеттене гөр.
7Жиналып тұрсын халықтар айналаңа, Биіктен билік құршы қайтадан оларға.
8Уа, Жаратқан, Сен халықтарды соттайсың, Мені ақтай гөр, Ием, әділ де адалмын.
9Әділ Құдайым, жан дүниемізді сынайсың, Енді доғартсаңшы зұлымдардың сұмдығын, Әрі нығайтсаңшы әділдердің қорғанышын.
10Алла Тағала мені қалқандай қорғайды, Шын жүректен адалды Ол аман сақтайды,
11Құдай мәңгі әділ соттаушы болады, Тәңір күнде зұлымдарға ашуланады.
12Егер адам бас тартпаса күнәсінен, Онда Құдай қайрайды өткір семсерін, Керіп, кезеніп дайындайды садағын,
13Отқа қыздырады үшкір жебелерін, Сөйтіп даярлайды өлтіргіш қаруларын.
14Міне, арамза адам зұлымдық ойлайды, Жан дүниесінде ол пәлені сақтайды, Содан өтіріктері оның туындайды.
15Ол ор қазып, соны тереңдетіп дайындайды, Алайда сол тұзағына өзі кейін құлайды.
16Осылай зұлымдығы өз басына келеді, Жауыздығы өзінің төбесіне түседі.
17Жаратқанның әділдігін мадақтаймын, Алла Тағаланың есімін жырлаймын.