Loading Bible Translation
First-time download in progress. This may take a few seconds…
Kazakh Holy Bible Wordproject Bible
9 verses
1Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің, Бүкіл дүниеде әйгілі Өзіңнің Сондай айбынды да даңқты есімің! Көктен биік мерейіңді өсірдің.
2Балалардың, кішкене бөбектердің Аузымен Өзіңді дәріптетесің. Дұшпандарыңа бола солай істейсің, Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің.
3Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа, Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға Назар аударған әрбір уақытымда Мынадай сұрақтар туады ойымда:
4Өзің ескеретіндей адам сонша кім, Сен қамқорлайтындай адам баласы кім?
5Оны көктегілерден сәл төмен қойдың, Құрмет, салтанатты оған тәждей сыйладың.
6Сен адам баласын билеуші еттің Қолыңнан шыққан бар жаратылысқа. Бәрін де оған бағындырып бердің:
7Бүкіл ірілі-ұсақты малдарды да, Даладағы жабайы аңдарды да,
8Самсаған құс пен судағы балықты, Теңіз ағыстарымен жүзгендерді Табыстадың Сен оның қол астына.
9Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің, Бүкіл дүниеде әйгілі Өзіңнің Сондай айбынды да даңқты есімің!